Сипаттамасы
ҚОЛДАНЫЛУЫ:
- шағын беткейлік жарақаттарда, ойық жараларда
- беткейлік жарақаттардан ұсақ капиллярлық қан кету
- мұрыннан қан кеткенде.
Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу
Сутегінің асқын тотығы-DF
Жоқ
Сыртқа қолдануға арналған спрей, 3%
Дерматология. Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Басқа антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Сутегі асқын тотығы.
АТХ коды D08AX01
Қолдануға болмайтын жағдайлар
— препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары
Қуыстарды шаю үшін қолданылмайды.
Препарат жарық пен жылы жерде тұрақсыз. Ерітіндіні көзге тигізуінен аулақ болыңыз.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Препарат сілтілі ортада кейбір оксиданттардың металл тұздары, күрделі радикалдары болған жағдайда тұрақсыз.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолданалуы
Дезинфекциялық және дезодорант ретінде қолданылады.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік және емшекпен емізу кезінде препаратты қолдануға болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Дозалау режимі
Препаратты жарақаттар толық жазылғанға және тыртықтанғанға дейін қолданады.
Енгізу әдісі және жолы
Тері жабындарын, жарақаттар мен ойық жараларды өңдеу үшін, оны толық ылғалдандыру үшін жеткілікті мөлшерде зақымданған бөлікке бүркеді немесе оны тампонмен дымқылдандырады.
Артық дозаланғанда қабылдау қажет шаралар
Артық дозалану жағдайлары анықталған жоқ
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолдану туралы қосымша ақпарат алу үшін дәрігермен кеңесіңіз.
Жиі
— жараны өңдеу кезінде шымылдатуды сезіну
Сирек
— аллергиялық реакциялар
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
Дәрілік препараттың құрамы
100 мл препараттың құрамында:
белсенді зат — сутегінің асқын тотығы (бастапқы субстанцияда сутегі асқын тотығының мөлшері 27%-дан 40%-ға дейін) — 7,5-тен 11,11 г дейін (бастапқы субстанцияда сутегі пероксидінің нақты мөлшеріне байланысты);
қосымша заттар – натрий бензоаты, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссіз, мөлдір, иіссіз немесе өзіне тән әлсіз иісі бар, әлсіз қышқыл реакциясы бар сұйықтық.
30, 50 және 100-ден бүріккіш қондырғысы мен қорғаныш қалпақшасы бар полиэтилен құтыда. Құтыларды медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге құтылардың саны бойынша топтық ыдысқа салады — хром-эрзац картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірден топтық қаптамаға. Немесе 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге хром-эрзац картоннан жасалған қорапшаға салады. Құтыларға және топтық ыдысқа заттаңба немесе жазу қағазынан өздігінен жабысатын заттаңбалар жапсырылады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Рецептісіз
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3.
тел./факс: +7(727) 253 03 88,
эл.пошта: dosfarm@dosfarm.kz
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3.
тел./факс: +7(727) 253 03 88,
эл.пошта: dosfarm@dosfarm.kz
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050034, Алматы қ., Жетісу ауд. Чаплыгин к-сі, 3 үй
тел.: + 7 (727) 364 84 31
е-mail: kachestvo@dosfarm.kz
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050034, Алматы қ., Жетісу ауд. Чаплыгин к-сі, 3 ү.
тел.: + 7 (727) 364 84 27
е-mail: pharmacovigilance@dosfarm.kz


