DOSFARM тиімді, қауіпсіз және жоғары сапалы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіреді. Сапа мен қауіпсіздік — біздің басты басымдығымыз, сондықтан біз өндірісті қатаң бақылауға да, өнімнің тұтынушылар үшін қолжетімділігіне де ерекше көңіл бөлеміз.
Зауытта DOSFARM препараттарының қазақстандық және шетелдік фармацевтикалық нарықтарда лайықты орын алуы үшін барлық жағдай жасалған. Компания мамандары дәрігерлер мен тұтынушылардың әрбір препараттың сапасына, дәл дозасына және мәлімделген емдік әсеріне сенімді болуы үшін жұмыс істейді.
Расталған сапа:
DOSFARM өндірістік учаскелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген және ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 4 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 «Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігіне сертификатталған.
Компанияның сапа менеджменті жүйесі ISO халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған.
2016 жылы DOSFARM сапаны қамтамасыз ету жүйесінің GMP халықаралық стандарттарына сәйкестігі туралы сертификатты алғаш рет алды және содан бері оны тұрақты түрде растап келеді.








