СУТЕГІНІҢ АСҚЫН ТОТЫҒЫ-DF

сыртқа қолдануға арналған ерітінді, 3%

Босатылады: РЕЦЕПТІСІЗ

 

Сипаттамасы

ҚОЛДАНЫЛУЫ:

  • шағын беткейлік жарақаттарда, ойық жараларда
  • беткейлік жарақаттардан ұсақ капиллярлық қан кету
  • мұрыннан қан кеткенде.
download Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу

 

Саудалық атауы

Сутегінің асқын тотығы-DF

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Сыртқа қолдануға арналған ерітінді, 3%

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Басқа антисептиктер және  дезинфекциялайтын препараттар. Сутегі асқын тотығы.

АТХ коды D08AX01

Қолдану басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

— препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары

Қуыстарды шаю үшін қолданылмайды.

Препарат жарық пен жылы жерде тұрақсыз. Ерітіндіні көзге тигізуінен аулақ болыңыз.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі 

Препарат сілтілі ортада кейбір оксиданттардың металл тұздары, күрделі радикалдары болған жағдайда тұрақсыз.

Арнайы сақтандырулар

Педиатрияда қолданалуы

Дезинфекциялық және дезодорант ретінде қолданылады.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік және емшекпен емізу кезінде препаратты қолдануға болады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Препаратты жарақаттар толық жазылғанға және тыртықтанғанға дейін қолданады.

Енгізу әдісі және жолы

Тері жабындарын, жарақаттар мен ойық жараларды өңдеу үшін, оны толық ылғалдандыру үшін жеткілікті мөлшерде зақымданған бөлікке бүркеді немесе оны тампонмен дымқылдандырады.

Артық дозаланғанда қабылдау қажет шаралар

Артық дозалану жағдайлары анықталған жоқ

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар

Препаратты қолдану туралы қосымша ақпарат алу үшін дәрігермен кеңесіңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Жиі

— жараны өңдеу кезінде шымылдатуды сезіну

Сирек

— аллергиялық реакциялар

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

100 мл препараттың құрамында:

белсенді зат — сутегінің асқын тотығы (бастапқы субстанцияда сутегі асқын тотығының мөлшері 27%-дан  40%-ға дейін) — 7,5-тен 11,11 г дейін   (бастапқы субстанцияда сутегі пероксидінің нақты мөлшеріне байланысты);

қосымша заттар – натрий бензоаты, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Түссіз, мөлдір, иіссіз немесе өзіне тән әлсіз иісі бар, әлсіз қышқыл реакциясы бар сұйықтық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 мл, 40 мл, 50 мл және 100 мл полимерлі бұрандалы қақпағы бар полиэтилен тамшылатқыш құтыларда. Құтыларды медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге құтылардың саны бойынша топтық ыдысқа салады. Құтыларға және топтық ыдыстарға заттаңба немесе жазу қағазынан  здігінен жабысатын заттаңбалар жапсырылады.

Сақтау мерзімі

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3.

тел./факс: +7(727) 253 03 88,

эл.пошта: dosfarm@dosfarm.kz

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3.

тел./факс: +7(727) 253 03 88,

эл.пошта: dosfarm@dosfarm.kz

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасы туралы шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050034, Алматы қ., Жетісу ауд. Чаплыгин к-сі, 3 үй

тел.: + 7 (727) 364 84 31

е-mail: kachestvo@dosfarm.kz

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050034, Алматы қ., Жетісу ауд. Чаплыгин к-сі, 3 ү.

тел.: + 7 (727) 364 84 27

е-mail: pharmacovigilance@dosfarm.kz