Сипаттамасы
ҚОЛДАНЫЛУЫ:
Медициналық тәжірибеде этил спирті негізінен сыртқы антисептикалық құрал ретінде қолданылады.
- хирургтың қолын, операциялық алаңды, медициналық құралдарды өңдеу;
- инъекциялық алаңды өңдеу (донорлардың шынтақ буындарын, катетерлерді енгізу және пункция алдында).
Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу
| 1,0 мл препараттың құрамы | 70% | 90% |
| белсенді зат – этанол 96% | 0.665г. | 0.913г |
| қосымша зат — тазартылған су | ||
Сыртқа қолдануға арналған спрей, 70% және 90%.
Тері ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер және дезинфекциялық препараттар. Басқа антисептиктер және дезинфекциялық препараттар. Этанол.
Код АТХ D08AX08
Медициналық тәжірибеде этил спирті негізінен сыртқы антисептикалық құрал ретінде қолданылады.
- хирургтың қолын, операциялық алаңды, медициналық құралдарды өңдеу;
- инъекциялық алаңды өңдеу (донорлардың шынтақ буындарын, катетерлерді енгізу және пункция алдында).
- құралдың компоненттеріне жоғары сезімталдық;
- тері жамылғысының бүтіндігінің бұзылуы.
Сыртқа.
Шырышты қабықтарға және тыныс алу жолдарына түсуін болдырмай, спрейді мұқият ылғалдандыру үшін жеткілікті мөлшерде тері учаскелеріне бүркеді немесе мақта тампондары мен сулықтардың көмегімен жағады.
- аллергиялық реакциялар;
- терінің, шырышты қабықтардың және тыныс алу жолдарының тітіркенуі және күюі;
- жалпыуыттық қанға сіңгеннен кейінгі әсерін тигізе алады;
- ОЖЖ жабырқаңқылуы.
Жергілікті қолданған кезде артық дозалану екіталай.
Сақтықпен қолдану керек.
Сыртқы қолдану кезінде этанол тері мен шырышты қабаттар арқылы ішінара сіңеді, осыны балаларға қолданған кезде ескеру қажет.
Сақтықпен қолдану керек!
Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсерінің ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде препараттың жанама әсерлерін ескере отырып, сақтықпен қолдану керек.
Препарат 50 мл бұрандалы пластмасса бүріккіш саптамалары және қорғаныш қалпақшасы бар қара шыныдан жасалған шыны құтыларға құйылады. Құтыларды медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге топтық ыдысқа салады.
Жақсы тығындалған ыдыста, жарықтан қорғалған, +25 ˚С –тан аспайтын температурада, оттан алыс жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел. (727) 253-03-88.
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел. (727) 253-03-88.
«DOSFARM» ЖШС,
Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3.
тел./факс: (727) 253-07-07, 253-03-88,
эл. пошта: dosfarm@dosfarm.kz


