Сипаттамасы
ҚОЛДАНЫЛУЫ:
- невралгия, миалгия, артралгия
- қышитын дерматоздар.
Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу
Дерматология. Антигистаминдерді, жергілікті жансыздандыратындарды және басқаларын қоса, қышынуға қарсы препараттар. Жергілікті жансыздандыратын препараттар.
АТХ коды D04AB
- белсенді затқа немесе қосымша компоненттерінің кез келгеніне жоғары жеке сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- жүктілік және бала емізу кезеңі.
— жергілікті аллергиялық реакциялар: жанаспалы дерматит, күйдіру, шаншу, қышыну, тері бөртпесі, есекжем, ісіну болуы мүмкін.
— ұзақ қолдану кезінде: бас айналуы, жалпы әлсіздік, артериялық қысымның төмендеуі мүмкін.
Анықталмаған
Аллергиялық реакциялар дамыған кезде препаратты қолдануды тоқтату керек.
Шырышты қабықтар мен көзге тигізбеу керек. Көзге кездейсоқ тиген жағдайда мұқият шаю керек. Қолданғаннан кейін қолды жақсылап шаю керек.
Педиатрияда қолдану
Балалар
Препаратты балалық кезеңде қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, сондықтан қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Препаратты жүктілік кезеңінде қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, сондықтан қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Дозалау режимі
Күніне 2-3 рет терінің ауырған жерлерін сылайды.
Дәрігердің тағайындауымен қолдану керек. Емдеу курсы 7-10 күн.
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Анықталмаған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт қолдануға болмайды.
Жиілігі белгісіз
— жергілікті аллергиялық реакциялар: жанаспалы дерматит, күйдіру, шаншу, қышыну, тері бөртпесі, есекжем, ісіну болуы мүмкін.
— ұзақ қолдану кезінде: бас айналуы, жалпы әлсіздік, артериялық қысымның төмендеуі мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
Дәрілік препарат құрамы
1 мл препараттың құрамында:
белсенді заттар: прокаин гидрохлориді – 10.0мг, бензокаин – 10.0мг;
қосымша зат: левоментол, этил спирті 70%.
Дәрілік түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ментол иісі бар түссіз мөлдір сұйықтық.
Бұрандалы пластикалық бүріккіш саптамалары және қорғаныш қалпақшасы бар 50 мл шыны құтылар. Әр құтыларда қағаздан, затбелгіден немесе жазудан жасалған немесе өздігінен жабысатын заттаңбамен жабылған. Құтылар медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге қазақ және орыс тілдеріндегі құтылар санына сәйкес топтық ыдысқа салынады. Жапсырма қағаздан немесе жазу қағазынан өздігінен жабысатын жапсырмалар құтылар мен топтық ыдыстарға жабыстырылады.
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Рецептісіз
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3.
тел./факс: +7(727) 253 03 88,
эл.пошта: dosfarm@dosfarm.kz
«Житофарм» ЖШС, Қазақстан, 050035, Алматы қ-сы, 10 ы-ауданы, 23 үй,35пәт
тел./факс: (727) 3870606,
эл.пошта: Jf_apteka@mail.ru
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050034, Алматы қ., Жетісу ауд. Чаплыгин к-сі, 3 үй
тел.: + 7 (727) 364 84 31
е-mail: kachestvo@dosfarm.kz
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050034, Алматы қ., Жетісу ауд. Чаплыгин к-сі, 3 ү.
тел.: + 7 (727) 364 84 27
е-mail: pharmacovigilance@dosfarm.kz


