Сипаттамасы
ҚОЛДАНЫЛУЫ:
- сыртқы қолдануға арналған жаңа антисептикалық дезинфекциялық құрал;
-
бактерицидтік және антисептикалық әсер береді;
-
көптеген грамоң және грамтеріс бактериялар, вирустар және саңырауқұлақтаршаларға қатысты белсенді,
-
теріні тазартады және зарарсыздандырады;
-
микроорганизмдердің көбеюі жағдайында сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу
1,0 мл препараттың құрамында мыналар бар:
- этанол 96%;
- сутегінің асқын тотығы;
- тазартылған су
Сыртқа қолдануға арналған спрей, сыртқа қолдануға арналған ерітінді.
Залалсыздандыру құралы (тері антисептигі).
Құрал ЕПМ персоналының қолын гигиеналық және хирургиялық өңдеуге және кез келген бейіндегі медициналық мекемелердегі пациенттердің терісін санитарлық өңдеуге, , балалар, мектепке дейінгі және мектеп мекемелері, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері қызметкерлерінің, парфюмерлік-косметикалық кәсіпорындар, қоғамдық тамақтандыру, коммуналдық қызмет қызметкерлерінің, тұрмыстағы халықтың қолын гигиеналық өңдеуге арналған. Бұйымдардың бөткей жақтарын өңдеу үшін.
- препаратқа аса жоғары сезімталдық
1. Хирургиялық операцияларды, инвазивті процедуралар мен манипуляцияларды жасамас бұрын хирургтар мен басқа медициналық қызметкерлерінің қолдарының терісін залалсыздандыру:
- білек пен білезікті жуғыш құралдарымен жуу
- жуылған қолыңызды стерильді дәке салфеткасымен құрғатыңыз;
- содан кейін қолға 2,5 мл құралын жағып, оны 1,5 минут бойы қол мен білек терісіне сылау керек;
- қолдың терісін үнемі ылғалды ұстап, процедураны екі рет қайталау керек;
- өнім толық құрғағаннан кейін қолға стерильді қолғаптар киіледі.
2. Қол терісін гигиеналық залалсаздандыру:
- құралды қолдың буындарына 2,5 мл жағу және тері кепкенге дейін сылау, кемінде 30 секунд.
3. Заттардың бөткей жақтары мен медициналық бұйымдарды залалсаздындару:
- мақта тампонын молынан ылғалдандырып, заттардың бөткей жақтарын немесе медициналық бұйымды құралға малынған түрлі тампондармен мұқият өңдеу
- заттың әр бөткей жағын өңдеу уақыты — 30 секундтан кем емес.
—
Жергілікті қолданған кезде артық дозалану екіталай.
—
—
Тек сыртқы қолдану үшін қолданыңыз! Ішке қабылдауға болмайды! Жаралар мен шырышты қабықтарға жағуға болмайды! Өнімді көзге тигізбеңіз! Оңай тұтанғыш! Ашық жалынмен және жылыту құрылғыларымен жанасуға жол бермеңіз!
Полимерден бұрандалы қақпақтары бар полиэтилен канистрлеріне препараттың 5 л, 10 л құйылған.
Жақсы тығындалған ыдыста, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС жоғары емес температурада, оттан алыс.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау!
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел. (727) 253-03-88.
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3.
тел./факс: (727) 253-07-07, 253-03-88, эл. пошта: dosfarm@dosfarm.kz


