Сипаттамасы
ҚОЛДАНЫЛУЫ:
- тері және шырышты қабықтың құрғауында (сыртқа қолдануға арналған)
- жақпамай және линименттер үшін негіз ретінде.
Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу
Дерматология. Дерматопротекторлар. Жұмсартатын және қорғайтын әсері бар препараттар. Басқа да дерматопротекторлар.
АТХ коды D02AX
- белсенді затқа аса жоғары сезімталдық
- тері зақымдануының болуы (ашық жаралар)
Аллергиялық реакциялар дамыған кезде препаратты қолдануды тоқтату керек.
Анықталмаған
Педиатрияда қолдану
Препаратты 6 жастан бастап қолдануға болады.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Препаратты қолдануға болады
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Дозалау режимі
Құрғақ жарылған тері жағдайында аппликация түрінде сыртқа қолданылады.
Енгізу тәсілі және жолы
Сыртқа.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Анықталмаған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт бойы препаратты қолдануға болмайды.
Жиілігі белгісіз
− тітіркену (ұзақ қолданған кезде)
− аллергиялық реакциялар: қышыну, гиперемия.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
Дәрілік препарат құрамы
100 мл препараттың құрамында
белсенді зат: глицерин – 85.0 г
қосымша зат: тазартылған су – 100.0 мл дейін.
Дәрілік түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Шәрбат тәрізді, ұстағанда майлы, түссіз немесе түссіз дерлік, мөлдір сұйықтық. Өте гигроскопиялы.
50 мл-ден полиэтилен тығындармен және бұрандалы пластмасса қақпақтармен тығындалған шыны құтыларға немесе алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы қақпағы бар тамшылатқыш тығынмен тығындалған пластикалық құтыларда. Әрбір құтыға заттаңба немесе жазу қағазынан жасалған немесе өзі жабысатын заттаңба жапсырылады.
Құтыларды медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге хром-эрзац картоннан жасалған топтық қорапқа салады.
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Рецептісіз
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3.
тел./факс: +7(727) 253 03 88,
эл.пошта: dosfarm@dosfarm.kz
«Житофарм» ЖШС, Қазақстан, 050035, Алматы қ-сы, 10 ы-ауданы, 23 үй,35пәт
тел./факс: (727) 3870606,
эл.пошта: Jf_apteka@mail.ru
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050034, Алматы қ., Жетісу ауд. Чаплыгин к-сі, 3 үй
тел.: + 7 (727) 364 84 31
е-mail: kachestvo@dosfarm.kz
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050034, Алматы қ., Жетісу ауд. Чаплыгин к-сі, 3 ү.
тел.: + 7 (727) 364 84 27
е-mail: pharmacovigilance@dosfarm.kz


