DOSFARM — қолжетімділікті, жоғары сапа мен қауіпсіздікті басты орынға қоятын қазақстандық өндіруші.
2001 жылы Алматы қаласында негізі қаланған компаниямыз 25 жыл ішінде шағын кәсіпорыннан заманауи, өндірістің толық циклін жүзеге асыратын компанияға айналды. Бүгінде біз дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өзіміз әзірлеп, өндіріске енгізіп және нарыққа шығарудамыз.
Қазіргі таңда компанияның портфелінде 58 сауда атауындағы өнім бар. Өнімдеріміз Қазақстанның барлық өңірлерінде ұсынылып, Өзбекстан, Әзербайжан, Грузия, Ресей, Қырғызстан, Армения, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан және Қытай нарықтарына экспортталады. Ал серіктестеріміздің саны 500-ден астам ұйымды біріктіреді.
Қызметіміздің негізгі бағыты — сұйық дәрілік формалардағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру. Атап айтқанда, тамшылар, спрейлер, ерітінділер және инъекциялық препараттар шығарамыз. Өнім сапасы — компаниямыздың басты артықшылығы. Осыған орай, өзіміздің өндірістік алаңдарымыз халықаралық GMP стандарттарының талаптарына қатаң сәйкес жұмыс істейді.
240 қызметкерімізді біріктіретін ортақ құндылықтар — біздің алдымызға қойған ауқымды мақсаттарға сенімді қол жеткізуге, тұрақты деңгейге жетуді және компанияның ұзақ мерзімді табысты дамуына берік негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді.








