Компания туралы

DOSFARM

DOSFARM — өз өнімдерінің қолжетімділігіне, сапасы мен қауіпсіздігіне басымдық беретін қазақстандық дәрілік заттар өндірушісі.

Компания өз миссиясын адамдардың денсаулығын қолдауға және өмір сапасын арттыруға арналған жоғары сапалы дәрілік препараттар шығарудан көреді. DOSFARM қызметінің негізінде тұтынушылар алдындағы жауапкершілік, жоғары сапа стандарттары және командалық тәсіл жатыр. Компания өндірісі тиімді әрі қауіпсіз дәрілік заттарды шығаруға бағытталған, ал сапа жүйесі халықаралық GMP талаптарына және ISO стандарттарына сәйкес келеді.

DOSFARM компаниясының маңызды артықшылықтарының бірі — заманауи технологиялық базасы. Компания Қазақстанда BFS технологиясын енгізе отырып, юнидоза, мультидоза және пластикалық ампула түріндегі препараттарды өндіретін алғашқы өндіруші болып табылады.

Өз өндірісімен қатар, DOSFARM қазақстандық және шетелдік тапсырыс берушілер үшін келісімшарттық өндірісті дамытып келеді. Сонымен бірге компания дәрілік препараттардың қауіпсіздігін бақылауға және ықтимал жағымсыз реакциялар туралы ақпаратты уақтылы жинауға бағытталған фармаконадзор жүйесін қолдайды.